Ссылки доступа

Бішкекте діни ұйымдар сенбілікке шығады


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Бішкек қаласында діни ұйымдардың өкілдері 21 сәуірде сенбілік ұйымдастырады. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік дін істер жөніндегі комиссиясының баспасөз хатшысы Назгүл Кадырназарова хабарлады.

Оның айтуынша, акцияға аталған комиссияның, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, православ және католик шіркеулерінің өкілдері, евангелия және баптистік ұйымдар, бахайшылар мен адвентистерінің бірлестігі, Конкорди лютеран шіркеуіндегілер қатысады.

Бұл шара діни конфессиялардың бірлігін нығайтуға, сонымен бірге астананы таза ұстауға арналған. "Таза жашоо" бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын акция сенбі, 21 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG