Ссылки доступа

Тәжік олигархы Жамшед Абдуловқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды


Джамшед Абдулов
Джамшед Абдулов

"Олими Каримзод" компаниясының басшысы және "Олим Текстайлз" мақта-мата фабрикасының қожайыны Жамшед Абдуловқа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

"Тоджпромбанктегі" дереккөздің 20 сәуірде хабарлауынша, қылмыстық істі доғару туралы шешім Абдуловтың қаржы мекемелеріндегі 14 млн доллар берешегін өтеген соң қабылданған.

Дереккөздің айтуынша, тәжік олигархы "Тоджпромбанкке" Мастчоҳ​ауданындағы қонақ үйі мен Канибадам қаласындағы екі кәсіпорынын берген.

Хабарларға қарағанда, Жамшед Абдулов Тәжікстан вице-премьері Давлатали Саидтың "Таджпромбанк" салымшылары өкілдерімен кездесуінен соң ұсталған. Лицензиясынан айрылған банк салымшылары вице-премьерге шағымданып, бірқатар кәсіпкердің, солардың ішінде Жамшед Абдулов "Таджпромбанкке" миллиондаған несиелерін қайтармағанын айтқан.

Олигарх абақтыда 40 күн отырып, өткен жылы желтоқсанда банкпен келісімге отырған соң ғана бостандыққа шықты. Дереккөз мәліметіне қарағанда, қамауда отырған уақытта Абдулов "Точиксодиротбанктегі" 4 млн доллар несиесін жапқан.

Жамшед Абдулов Мастчоҳ​ ауданы Такели қыстағында орналасқан "Олим-Текстайлз" компаниясына иелік етеді.

XS
SM
MD
LG