Ссылки доступа

Өзбекстан Тәжікстанға медициналық орталық салып бермек


Эмомали Рахмон мен Шавкат Мирзияев. Душанбе, 9 наурыз, 2018 жыл.
Эмомали Рахмон мен Шавкат Мирзияев. Душанбе, 9 наурыз, 2018 жыл.

Өзбекстан Тәжікстанда медициналық орталық салады деп хабарлады тәжік үкіметіндегі дереккөз.

Мәліметке қарағанда, емхана Хатлон облысында салынады, онда күніне кемінде 200 емделушіні қабылдайдын болады.

«Екі ел президенті қол қойған құжатқа сәйкес, тәжік үкіметі құрылысқа жер бөледі әрі өзбек жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өзбек билігі болса, қаражат бөліп, жұмыс күшін жібереді», - дейді дереккөз.

Осыған дейін Тәжікстан билігі Самарқанда 640 оқушыға арнап, мектеп салатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG