Ссылки доступа

Бішкекте Тогуз-Торо алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы ереуіл өтті


Бішкектегі "Ақ үй" ғимараты маңында Тогуз-Торо ауданының тұрғындары Макмал алтын өндіру фабрикасының құрылысына қарсы ереуіл өткізді. Бұған қоса тұрғындар 11 сәуірдегі тәртіпсіздіктен соң ұсталғандарды босатуды талап етті.

Акцияға қатысушылар "Тогуз-Торо ауданы тұрғындарын тыңда", "Әділеттік керек", "12 жігіт босатылсын" деген талаптар ұстап шықты.

11 сәуірде Жалал-Абад облысына қарасты Тогуз-Торо ауданының тұрғындары Макмал алтын кеніндегі "Джи Эл Макмал Девелопинг" компаниясының бірнеше ғимараты мен арнайы техникасын өртеп жіберді. Тұрғындар алтын өндіру фабрикасы құрылысына қарсы шықты. Олар милиция қызметкерлері мен комиссия мүшелеріне тас лақтырған.

Ішкі істер министрлігі "бұзақылық" және "мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

20 сәуірде Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Макмал кенішінде алтын өндіру фабрикасының құрылысын жүргізу шешімін заңсыз бергені жөнінде қылмыстық іс қозғады.

XS
SM
MD
LG