Ссылки доступа

Татарстанда оқитын түркімен студенттеріне оқудан шығып қалу қаупі тұр


Татарстанның Қазан федералды университетінде оқитын ондаған түркімен студенті оқу ақысын төлеуде қиындыққа тап болды.

Студенттердің Азаттықтың түркімен қызметіне (Азатлык) хабарлауынша, Түркіменстан банкі арқылы аударылған ақша әлі күнге дейін Татарстанның оқу орындарына түспеген.

"Оқу ақысын төлей алмай жатқан студенттер амалсыздан, 1 мамырға дейін ақша аударылады деп қолхат беріп жатыр. Егер осы уақытқа дейін ақша аударылмаса, бізді оқудан шығарады", -дейді студенттің бірі.

Оның сөзінше, бір жылдық оқу бағасы 1800 АҚШ доллары тұрады. Бір семестр құны - 900 доллар. Қазіргі кезде Қазан федералды университетінде оқитын 32 студенттің оқудан шығып қалу қаупі тұр. Бүгінгі күні шетелде оқитын барлық түркімен студенттерінде дәл осы проблема бар. Түркімен билігі бұл мәселе бойынша пікір білдірген емес.

XS
SM
MD
LG