Ссылки доступа

Совет заманындағы ескерткіш Ташкенттің орталық алаңына қайтарылады


Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 15 ұлттың баласын асырап алған өзбек отбасына арналған совет заманындағы ескерткіш Ташкенттің орталық алаңына қайтарылады.

Өзбекстан астанасы әкімшілігінің 24 сәуірде хабарлауынша, Шаахмед пен Бахри Шамахмудовтарға орнатылған ескерткіш Тәуелсіздік сарайы алдындағы алаңға жақын уақытта орнатылады. Бұл отбасы 1940-жылдары Ташкентке бұрынғы Совет Одағының батыс аймақтарынан көшірілген жетімдерді асырап алған.

"Халықтар достығы символына айналған ескерткіш Ташкентке көрік береді, астанада тұратын түрлі ұлт өкілдерін бірлікке шақырады" делінген қала әкімшілігінің хабарламасында.

Шамахмудовтар соғыс жылдарында 15 бала асырап алған, олардың арасында орыс, қазақ, беларусь, молдаван, латыш, еврей және татар балалары болды. Ескерткіш 1982 жылы орнатылған. 2008 жылы оны бұзып алып, қала шетіне шығарып тастады. Өткен жылы 9 мамырда ескерткіш Ташкенттегі жаңа Достық саябағына көшірілді.

Ташкент тұрғындары "Халықтар достығын" қала орталығына қайтарды (2017 жыл 10 мамыр):

XS
SM
MD
LG