Ссылки доступа

Ауған тәлібтері көктемгі шабуыл басталғанын жариялады


Ауған тәлібтері жыл сайынғы көктемгі шабуыл басталғанын жариялады. Интернетте 25 сәуірде жарияланған мәлімдемеде "Талибан" қозғалысы бұл шабуылды "Әл Хандак" немесе "Терең ор" деп атаған. Қозғалыс содырлары бар күшін "америкалық басқыншылардың көзін жоюға" жұмсайтынын ескертті.

Америкалықтардың жақтастары саналатын ауған үкіметі мен әскерін тәлібтер одан кейінгі жау ретінде қарастырып отыр.

Мәлімдемеде шабуылды Тәлібтердің әскери комиссиясы ұйымдастырғаны айтылған. Шабул Хандактағы шайқас немесе "Терең ор үшін шайқас" құрметімен аталған. Шамамен 3000 мұсылман 627 жылы Сауд Арабиясында Мединаны айналдыра терең ор қазып, мұсылман емес арабтар мен еврейлердің бір айға созылған шабуылына төтеп берген. Тәлібтердің бұл мәлімдемесі Ауғанстанда жаңа терактілер толқыны басталған уақытта жарияланды.

24 сәуірде Ауғанстанның Фарах және Газни провинцияларындағы жекелеген шабуылдардан кем дегенде 11 ауған сарбазы мен полиция қызметкері қаза тапты. 23 сәуірде Ауғанстанның батысында тәлібтердің шабуылынан 18 сарбаз бен полиция қызметкері мерт болды.

XS
SM
MD
LG