Ссылки доступа

Telegram'мен күрестен бизнес 2 млрд доллар шығынға ұшырайды


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Ресей билігінің Telegram'ды бұғаттауға талпынысы салдарынан бизнес шамамен 2 млрд доллар шығынға батуы мүмкін. Оның жарымын жыл соңына дейін Ресей компаниялары жоғалтса, Amazon және Google миллиард доллар шығынға ұшырауы ықтимал.

Бұл туралы Flexbby софт дайындаушы компанияның бас директоры Андрей Проковьевтің интернет-омбудсмен Дмитрий Мариничевке жазған хатында айтылды, деп хабарлалы "Коммерсантъ".

"Жағдайдың пессимистік сценариі осылай өрбуі мүмкін",— деп жазды Прокофьев. Солай болса, "нарықты бөлуден "Ростелеком", Mail.ru Group, "Яндекс" және Microsoft ұтады".

Flexbby басшысының пікірінше, "Ресей бизнесінің өте маңызды сервистерін біржақты бұғаттауына" жол бермейтін өзгертулер қабылдау қажет. Оның мәліметі бойынша, Ресейде Google және Amazon қолданатын 400-ге жуық ұйым зардап шекті.

Бұның алдында Ғылыми қызметкерлер қауымдастығы Ресей премьері Дмитрий Медведевке үндеу тастап, "Роскомнадзордың зиянды әрекеттерін тиюды" талап еткен. Ғалымдардың пікірінше, агенттік қызметкерлері келтірген шығынға жауап беруі тиіс.

Роскомнадзор "тәртіпті ресурстардың бұғатталуына жол бермеу" жолдарын қарастырып жатқанын мәлімдеді. Қазірдің өзінде агенттікке Telegram'ды бұғаттауға қатысты туындаған қателіктер туралы 46 мың арыз түскен.

Ресей Telegram'ды 16 сәуірде бұғаттады. Мессенджер басшылығы Федералдық қауіпсіздік қызметіне қолданушылар хабарламаларының құпия кілтін беруден бас тартты. Telegram бұғаттауды айналып өту үшін америкалық Amazon және Google компанияларының серверлерін қолдана бастаған соң, Роскомнадзор оларды да шектеген. Шамамен 20 миллион мекенжай бұғатталған. Дей тұрғанмен Telegram жұмыс істеп тұр.

XS
SM
MD
LG