Ссылки доступа

Өзбекстан астанасына жаңа әкім тағайындалды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкент шаһарының жаңа әкімі Жахонгир Артыкхожаевпен бірге.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкент шаһарының жаңа әкімі Жахонгир Артыкхожаевпен бірге.

Алты жыл бойында Ташкент әкімі болған Рахмонбек Усманов басқа қызметке ауыстырылып, оның орнына Жахонгир Артыкхожаев тағайындалған.

Ташкент қаласы әкімдігінің сайтында Жахонгир Артыкхожаев астана әкімі міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды деген ақпарат жарияланды.

Оған дейін 43 жастағы Жахонгир Артыкхожаев Tashkent City мемлекеттік кәсіпорнының директоры әрі Artel Engineering компаниясының басшысы қызметін атқарған. Сонымен бірге Артыкхожаев алюминий және пластик терезе мен есіктер жасап шығаратын AKFA Group компаниясының қожайыны.

Ол ірі кәсіпкер ретінде Шавкат Мирзияев билікке келгелі бері көріне бастады. Елдегі ірі бизнес-жобаларды да өзінің бақылауына алған.

Енді Жахонгир Артыкхожаевтың кандидатурасын Астана әкімі ретінде президент ұсынғанымен, Ташкент қалалық депутаттары бекітуі керек.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, экс-мэр Рахмонбек Усманов Өзбекстанның автомобиль көлігі агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалған.

XS
SM
MD
LG