Ссылки доступа

Шетел азаматы 10 жастағы қызды Қырғызстаннан заңсыз шығаруға талпынған


Қырғызстан шекарашылары 1 мамырда "Ақжол" бекетінде 10 жастағы қызды елден шығаруға талпынған испан азаматын ұстады. Бұл туралы Мемлекеттік шекара қызметі хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, 1968 жылы туған Испания азаматы төлқұжат тексеру кезінде өзі де, қасындағы қыз да орыс тілін білмейтінін айтқан.

"Бірақ тексеруші қыздан сұрағанда, ол орыс тілін білетіні белгілі болған. Тексеру кезінде 10 жастағы қыздың анасы баласының жоғалғаны туралы құқыққорғау органдарына хабар бергені анықталды", - делінген хабарламада.

Испания азаматы елден шығу құқығынан айрылып, Қырғызстан ІІМ аймақтық бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды.

XS
SM
MD
LG