Ссылки доступа

Тәжікстан: "Тәлибан" 7 мың содырын ауған-тәжік шекарасына орналастырды


Раджабали Рахмонали
Раджабали Рахмонали

"Тәлибан" қозғалысы 7 мыңға жуық әскерін ауған-тәжік шекарасындағы жаттығу алаңына орналастырған.

Бұл жөнінде Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара әскерінің басшысы Раджабали Рахмонали мәлімдеді.

Оның сөзінше, 7 мыңға жуық "Тәлибан" қозғалысының содыры Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх, Құндыз, Тахор және Бадахшан елді мекендеріндегі әскери базаға орналасқан. Содырлардың дені - Орталық Азия елдерінің тумасы.

Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекара қашықтығы - 1400 шақырым. Тәжік билігі тәліптердің іс-қимылына алаңдайтынын жеткізді. Бұл Тәжікстан үшін ең күрделі, бас ауыртатын мәселе болып отыр дейді Раджабали Рахмонали.

XS
SM
MD
LG