Ссылки доступа

Түркіменстанның солтүстігінде өзбек шекарасына жақын маңдағы үйлерді сүріп тастайды


Снос домов, Туркменистан (архивное фото)
Снос домов, Туркменистан (архивное фото)

Түркіменстанның солтүстігінде Дашоғыз облысында Өзбекстанмен шекаралас жатқан бірнеше аудандағы ондаған тұрғын үй сүріледі. Екі ел арасындағы мемлекеттік шекара бойында орналасқан бұл үйлер 2011 жылғы демаркация кезінде сүрілмей қалған. Бұл туралы Азаттық радиосының түркімен қызметі хабарлады.

"Болдумсаз, Губадаг және Героглы аудандарының әкімшіліктері жергілікті тұрғындарға үйлері сүрілетіні туралы алдын ала ескерту жасаған", - деп хабарлады Азатлык тілшісі.

Оның айтуынша, жергілікті билік екі ел арасындағы шекараға тікенек сым тартып, қауіпсіздікті сақтауға арналған құрылыстар тұрғызатынымен түсіндірген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шекарадағы бөгеттің алғашқы желісі 2003 жылы тартылып, 2011 жылы тағы біреуін орнатқан. Соның салдарынан қыс уақытында мыңдаған отбасы үйлерінен айырылды. Шекара аймағында мыңдаған гектар ауылшаруашылық жерлері пайдаға аспай қалды.

Түркіменстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны анықтау процесін 2017 жылы қайта жалғастырды. Содан бері екі мемлекеттің үкіметтік комиссиялары бірнеше жиналыс өткізген.

XS
SM
MD
LG