Ссылки доступа

Өзбекстан ТАПҮ газ құбырының құрылысына қаражат бөледі


Өзбекстан Түркіменстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үндістан (ТАПҮ) газ құбырына қаражат бөледі, деп РИА Новости Өзбекстан банктері қауымдастығының бас директоры Бахтиер Хамидовқа сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, бұл елдер арасында сауда айналымы ұлғайып, түрлі жобалар жүзеге асады. Ұсыныстардың жарымын Түркіменстан жасаған.

Өзбекстанның ТАПҮ құрылысын қолдайтынын президент Шавкат Мирзияев сәуір айының соңында Түркіменстан басшысы Гурбангұлы Бердымұхамедовпен кездесуінде мәлімдеген. Президенттің пікірінше, ТАПҮ болашақта Ауғанстандағы жағдайдың тұрақтануына септігін тигізуі мүмкін.

Мемлекет басшылары Өзбекстанның газ құбырының құрылысына қосылу мүмкіндіктерін зерттеуге арналған жұмыс тобын құру туралы келісті.

ТАПҮ газ құбырының Түркіменстандағы бөлігінің құрылысы 2015 жылы басталды. Құрылыс операторы TAPI Pipeline Company Limited Түркіменстаннан Үндістанға газ жеткізуді 2020 жылы бастайды. 1,814 шақырымға созылған, құны шамамен 10 млрд доллардың құбыры арқылы жылына 33 млрд шаршы метр газ тасымалданады.

XS
SM
MD
LG