Ссылки доступа

Бішкекте 30 студент қыз жұмыс істеген вебкам-студия жабылды


Қырғызстан астанасының Октябрь аудандық ішкі істер басқармасы порнографиялық материалдар дайындау немесе тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, милицияға Д. есімді азамат порнографиялық материалдар дайындайтын студия ұйымдастырғаны туралы хабар түскен. Қыздар интим қызметін Интернет арқылы ұсынған.

"Студияда қыздар эротикалық онлайн-видеочат жүргізіп, жалаңаш эротикалық және порнографиялық шоу көрсеткен. Студия бірнеше ауысыммен жұмыс істейтіні, қыздар жұмысы үшін ақша алатыны анықталды", - делінген хабарламада.

Тексеру кезінде бұл үйде отыз шақты қыз болған. Әрбір бөлмеде төсек, веб-камерасы бар монитор, компьютер болған. 16 компьютер, 150 интим-ойыншық болған.

Бішкектің ішкі істер басқармасы наурыз айында хабарлағандай, жыл басынан бері Интернет арқылы интим қызметін ұсынған 64 қыз тіркеуге алынған.

XS
SM
MD
LG