Ссылки доступа

Эмомали Рахмон терроризммен күресте қос стандарттардан ада болуға шақырды


"Террорист пен экстремистің отаны, ұлты, діні жоқ. Ол "біздікі" немесе "өзгенікі" болып бөлінбейді", деп мәлімдеді Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 4 мамырда терроризмге күреске арналған халықаралық конференцияның ашылу салтанатында.

Эмомали Рахмон әлемдік қауымдастықтың "терроризм" мен "экстремизмге" қатысты ортақ пікірі жоқ екеніне өкініш білдірді. "Терроризм және экстремизммен күресте "қос стандарт" саясатына орын жоқ.

Тәжікстан басшысы Ислам атын жамылған терроршылар мен экстремистер мұсылмандарды жеккөрушілік пен исламофобияның таралуына ықпал етіп отыр.

"Терроризм және экстремизммен күрес" конференциясын Тәжікстан халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырды. Оған әлемнің 46 елінен 400-ден астам адам қатысты.

XS
SM
MD
LG