Ссылки доступа

Өзбекстанның бір облысы тұрғындарға сағат 22:00-ден кейін қыдыруға тыйым салды


Здания кафе и ресторанов в Яккабагском районе Кашкадарьинской области.

Өзбекстанның Қашқадария облысы Яккабаг ауданында милиция 30 сәуірде шайханада отырған адамдарды бөлімшеге алып барып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Милиция бөлімшесіне түскен тұрғынның айтуынша, оған облыс басшысының түнде қыдыруға салған тыйымын бұзғаны үшін айыппұл салынған. 30 сәуірде құқыққорғау органының қызметкерлері "Жура" шайханасына барған он адамға айыппұл салған.

Ұсталған адамдардың бірінің айтуынша, шайханаға күтпеген жерден кіріп келген милиция қызметкерлері адамдарды автобусқа тиеп, бөлімшеге алып барған.

Оларға 50 төменгі айлық көлемінде айыппұл салынған.

Яккабаг ауданы ішкі істер басқармасының бір қызметкері бұны растады. "Біздің қызметкерлер ішімдік ішіп, жанжал шығарғандарды ғана ұстайды", – деді ол.

XS
SM
MD
LG