Ссылки доступа

Алматыда мереке қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейді


Алматы қаласы ішкі істер департаменті мереке қарсаңында қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі деп хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, 7-9 мамыр аралығында мерекелік шаралар өтетін және халық көп жүретін қоғамдық жерлерді күзету күшейтіледі.

Осы мақсатта қылмыстың алдын алу үшін «оперативті-профилактикалық шаралар» жүрмек.

Алматы қаласы ІІД полициясы әкімшілік департамент басшысы Жандос Мұраталиев сауда орындарында, вокзалдарда оперативті іздеу шаралары өткізіледі дейді. Полиция тұрғындарға абай болуын сұрайды.

Қазақстан 7 мамырда Отан қорғаушылар күнін, 9 мамырда Герман-Совет соғысындағы Жеңіс күнін атап өтеді.

Айта кету керек, оппозициялық Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының жетекшісі, шетелде қашып жүрген Мұхтар Әблязов мереке қарсаңында халықты көшеге шығуға шақырған.

XS
SM
MD
LG