Ссылки доступа

Ташкент–Бішкек бағытында жолаушылар автобусы қатынай бастады


Қырғызстан мен Өзбекстан арасында халықаралық жолаушылар автобусы қатынай бастады. Бірінші пилоттық автобус 5 мамырда кешкі сағат 17:30-да «Ташкент» автовокзалынан жүрді. 7 мамырдан бастап тұрақты рейс жүре бастайды.

«Өзбекстан тарапынан рейсті Mironshox Grand Trans компаниясы қамтамасыз етсе, Қырғызстан тарабынан «Транс Союз-Азия» компаниясы жауапкершілігіне алады. Екі компания өзара ынтымақтастықта жұмыс істеу, автобус жүргізушілеріне дәрігерлік көмек көрсету және автобустарды техникалық тексеруден өткізу секілді келісімдерге келген.

Ташкент - Бішкек бағыты 601 шақырымды құрайды. Жолға 12 сағат 40 минөт уақыт кетеді. Оның ішінде 30 минөт уақыт «Гишт куприк» (Өзбекстан) және «Жібек Жолы» (Қазақстан), «Сыпатай Батыр» (Қазақстан) және «Чалдовар» (Қырғызстан) шекара бекеттерінен өтуге кетеді.

Жолаушылар автобусына билет құны - 120 мың сум (шамамен 14,5 АҚШ доллары). Бішкек – Ташкент бағытындағы автобус Бішкек шығыс автовокзалынан жүреді.

Осыған дейін «Өзавтотранс» Өзбекстан мен Қырғызстан Ташкент – Бішкек, Ферғана – Ош, Әндіжан – Ош және Ташкент – Ыстық Көл бағытында жолаушылар автобусын жүргізуді қарастырып жатыр деп мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG