Ссылки доступа

Қырғызстанда үш жеткіншек 6 жастағы баланы зорлады деген айыппен сотталды


Қырғызстанда Жеті-Оғыз аудандық соты үш жеткіншекке 6 жастағы баланы зорлады деген айыппен үкім шығарды.

Ыстық Көл облыстық сотының баспасөз қызметі олардың бірі 9 жылға сотталып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өткізетінін, қалған екеуінің 8 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді. Олардың үшеуі де кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған колонияға жіберілген.

Мұнан бөлек сотталушылар 100 мың сом (1470 доллар), қалған екеуі 50 мың сомнан моральдық өтемақы өтеуі тиіс.

Тергеу мәліметі бойынша, 2017 жылдың сәуір айында Жеті-Оғыз ауданының тұрғыны 6 жастағы көршісін зорлаған. Бірнеше уақыт өткеннен кейін, оған тағы екі жеткіншек қосылған. Сәби болған оқиғаны ата-анасына айтқан. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалған.

Күдікпен 16 және 17 жастағы үш адам ұсталған. Олардың бәрі айыптарын мойындаған.

XS
SM
MD
LG