Ссылки доступа

Чех зообағында дүниеге келген қонжыққа тәжішке ат іздеп жатыр (фото)


Чехияның Глубока над Влтавоу қаласында тяньшяньдық Гул аюы дүниеге қонжық әкелді. 2015 жылы Гул мен Зухраны Душанбе хайуанаттар әлемінен Чехияға аттандырған.

Дәл осындай қоңыр аюлардың тұқымы әзірге Еуропаның басқа кеңістігінде жоқ. Бірақ Чехияда дүниеге келген қонжықпен бірге олардың саны көбейеді деп үміттенеді Глубока над Влтавоу қаласы, «Ограда» зообағының зоологы Иван Кубат.

Қонжық Гул мен Алтай қоңыр аюынан 1 қаңтарда туған. «Ережеге сәйкес, алғашқы үш ай бойы біз оларға жақындамадық. Қазір қонжық зообақтағы мал дәрігерінің қарауында. Оның салмағы 7,5 кг, түсі қоңыр», - дейді Иван Кубат.

Зообақ басшылығы қонжыққа тәжік атын беруді шешіпті. «Біз қазір ұсыныстар күтеміз, сосын ішінен лайықты атты таңдап аламыз», - дейді Иван Кубат.

Гул 2013 жылдан бері чехиялық зообақта болған, жалғыз тяньшяньдық аю Алтаймен будандасқан. Алтай Екатеринбургтен әкелінген. Ал аюлардың ұрғашылары Гул мен Зухра үш жыл бұрын Душанбеден жеткізілген.

«Біз оларды әкелу үшін 15 күн жолда болдық. Душанбеден Глубока над Влтавоуға жету өте ұзақ болды. Тәжікстаннан Қырғызстан, Қазақстан, Беларусь, Литва және Польша аумағы арқылы келдік. Жолда қиындықтар болды. Мысалы Қазақстан шекарасында үш тәулік тұрдық. Себебі Кеден Одағына байланысты басқа құжаттар талап етті. Жаңа құжаттарды күтуге уақыт кетті»,- дейді Иван Кубат.

Еске сала кетейік, Чехия Душанбеге айырбас ретінде аюлардың орнына жұп кенгуру жіберген. Бірақ оның аталығы жолды көтере алмай, өліп қалған.

XS
SM
MD
LG