Ссылки доступа

Бердімұхамедов аяқ астынан түркімен әскерінің шабуылға дайындығын тексерген


Түркіменстан ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент аяқ астынан "ұлттық әскердің шабуылға дайындығын тексеру жөнінде" бұйрық берген.

4 мамыр күні таңертең Түркіменстан президенті әскери-жаттығу алаңына барған. Бірақ ол барған полигонның аты аталмайды.

Мемлекет басшысына заманауи әскери-әуе және арнайы техникалар мен ұлттық армияның қару-жарақтары көрсетілген.

Былтыр тамыз айында дәл осындай тексерулер болған. Ол кезде президенттің өзі кейбір қару-жарақтың түрін қалай шебер қолдануға болатынын көрсеткен.

5 мамырда Гурбангулы Бердімұхамедов Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің көшпелі отырысын өткізіп, кеден қызметінің бірқатар шенеуніктеріне сөгіс жариялаған.

XS
SM
MD
LG