Ссылки доступа

Ташкентте оқушы қыз өз үйінде асылып қалған


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Ташкент қаласындағы №69 орта мектебінің тоғызыншы сыныбында оқыған Н.О. есімді қыз 3 мамырда өз үйінде асылып қалған жерінде табылды. Соңғы хатында қыз анасынан, кіші сіңлісінен кешірім сұраған. 16 жастағы оқушының өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны белгісіз.

Оқушылардың рухани тәрбиесіне жауапты мектеп қызметкерінің айтуынша, суыт хабар мектеп оқушыларын қатты есеңгіретіп тастады.

"Ол сабақты беске оқитын, өте белсенді қыз еді. Оның мұндай қадамға баруына не себеп болғанын әлі түсіне алар емеспіз. Бұның алдында екі күн мектепке келмеген. Үйіне хабарласқанда, ата-анасы ауырып жатыр деді. Бейсенбі күні кешкісін асылып өлгенін естідік", - деді мектеп қызметкері.

Ташкент қаласы Яшнабад ауданы ішкі істер басқармасының қызметкері тергеу құпиясына сүйеніп, пікір білдіруден бас тартты. Марқұмның бір көршісінің айтуынша, асылып өлген қыз бұл үйдегі төрт қыздың бірі болған. Асылып өлген кезде ол үйінде жалғыз болған.

"Асылып өлер алдын әпкелеріне хат жазған. Сол себепті анасына телефон соғып: "Анашым, қоштасатын уақыт келді" деген. Қызымен сөйлесе салысымен, анасы үйіне қарай жүгірген. Бірақ қызының арқанға асылып тұрғанын көрген", - деді көршілердің бірі.

XS
SM
MD
LG