Ссылки доступа

Қазақстандағы әскери шеруге үш мың жауынгер қатысты


Қазақстанда 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери шеру өтті.

Шеруге үш мыңға жуық жауынгер, шамамен 40 ұшу аппараты, сонымен бірге 300 жаңа әскери техника қатыстырылды. Салтанатты шеруді ел президенті, Жоғарғы қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев басқарды.

Шерудің өзі Жамбыл облысындағы "Отар" әскери база полигонында өтті. Хабарларға қарағанда, Назарбаевтан бөлек, бұл шеруге облыс әкімдері қатысқан. Оларға аймақ қорғанысы тулары табысталды. Одан соң шеруге қатысушылар көрермендердің алдынан жүріп өтті.

Ең соңында әскери техникамен тактикалық әрекеттер жасалып, "Жетісу" ұшқыштары өнер көрсетті.

7 мамыр мемлекеттік мереке саналады, алғаш рет бұл мереке 2012 жылы президент жарлығына сәйкес тойлана бастады.

XS
SM
MD
LG