Ссылки доступа

Түркіменстанда әйелдерге дұрыс киінбегені үшін айыппұл салады


Түркіменстанда әйелдердің сыртқы киіміне байланысты жаңа талаптарға сай жергілікті тұрғындарды жауап алуға шақырып, билік өкілдері оларды жазалай бастады.

Сәуір айының соңында Түркіменстанда мемлекеттік мекемелерде істейтін әйелдерден боянбауын талап ете бастаған. Бұған қоса, әйелдер ұзын әрі кең көйлек киіп жүруі тиіс.

Ашхабад тұрғыны Шемшат астаналық "Алтын Асыр" базарына кіре берісте полиция қызметкерінің жауап алуына тап болған. Әйелдің айтуынша, полиция қызметкері оның шашы, қасы мен тырнағы неге боялғанын сұрап, оны полиция бөлімшесіне алып барған. Киген көлегі тым тар, қолы шолақ екені айтылған.

Полиция қызметкері әйелдің айыппұл төлеуін талап еткен. Ашхабад тұрғыны мұндай тыйымды бірінші мәрте естіп тұрғанын айтып, енді мұндай көйлек кимеуге уәде берген.

"Бірақ полиция қызметкерлері айыппұлсыз босатпайтынын ескертті. Сол себепті мен 150 манат (шамамен 40 доллар) үстел үстіне қоюыма тура келді. Айыппұл төленгені туралы квитанция берген жоқ. Бірақ мен солай құбылғанына да қуандым, әйтпесе олар хаттама толтырғысы келген", - деді Шемшат.

Бұған дейін хабарланғандай, жаңадан енгізілген тәртіпті ең әуелі мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен студенттер сақтауы тиіс.

XS
SM
MD
LG