Ссылки доступа

Кабул тәжік әйелін екі баласымен экстрадициялады


Ауғанстан билігі "Ислам мемлекетіне" мүше болды деп айыпталған тәжік әйелі мен оның екі баласын отанына экстрадициялады. Екі жыл бұрын Хосият есімді бұл әйелді Ауғанстанда экстремистерге қосылуға талпынған сәтінде ұстаған.

Тәжікстанның Ауғанстандағы елшісі Шарофиддин Имомовтың айтуынша, елшілік өкілдерімен сөйлескен Хосият жазасын отанында өтеуге келісім берген.

"Хосият ұсталған күннен бастап біз оның тағдырын бақылап жүрдік. Соңғы кездесуімізде ол Тәжікстанға қайтқысы келетінін айтты. Әрине, біздің елдің заңдары әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған балаларына қатысты көптеген жеңілдіктер қарастырады. Біз Ауғанстан түрмелерінде отырған ел азаматтарына бейжай қарай алмаймыз", - деді елші.

Әуелі Хосиятты отанына экстрадициялағысы келмеген. Өткен жылы Ауғанстанның мемлекеттік телеарнасының эфирінде ол: "Мен ислам мемлекетінде тұрғым келеді, сол себепті Ауғанстанға келдім. Ал мені ұстап алып, "Ислам мемлекеті" террористік тобына мүше деп айыптады. Бұл өтірік", - деп мәлімдеген.

Ауғанстан билігі Хосият экстремистерге қосылғысы келді деп мәлімдеді. Қазір әйел отанында жазасын өтеп жатыр, ал оның екі баласы туыстарының қамқорлығында.

Тәжікстанның Ауғанстандағы елшілігінің мәліметі бойынша, соңғы тоғыз айда Ауғанстаннан отанына төрт ер азамат және үш әйел оралды. Олардың бес кәмелет жасқа толмаған балалары бар. Тәжікстан азаматтары экстремистерге қосылуға талпынғаны үшін ұсталды.

XS
SM
MD
LG