Ссылки доступа

Өзбек азаматы Қырғызстанға автокөлік жүксалғышында тығылып өтпек болған


Қырғызстанның "Ак-Кыя-автодорожный" шекера тексеру-өткізу бекетінің қызметкерлері қырғыз-өзбек шекарасынан заңсыз өтуге талпынған Өзбекстан азаматын ұстады.

Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі хабарлады.

Қызмет мәліметі бойынша, Hyundai Starex автокөлігінің жүксалғышын тексеру барысында оның ішінен төлқұжат бақылауынсыз Қырғызстанға өтпек болған өзбек азаматы шыққан.

Тергеу барысында Өзбекстан азаматының мемлекеттік шекараны өтуге қажетті құжаттары жоқ екені анықталды.

XS
SM
MD
LG