Ссылки доступа

Путин төртінші рет Ресей президенті қызметіне кірісті (видео)


Четвертая инаугурация Путина: как это было
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:50 0:00

Путиннің төртінші инаугурациясы

Владимир Путин төртінші мерзімге президент болып қайта сайланып, Ресей президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Салтанатты шара Үлкен Кремль сарайында өтті.

"Ресей қазіргі замаға сәйкес әрі серпінді болуы керек. Қазіргі заманның сын-тегеуріндерін жүрексінбей қабылдап, ширақ жауап беруіміз керек. Сонымен бірге қай жерде біз күштіміз, сол салада өзіміздің лидерлерімізді өсіруіміз керек", – деді Путин таққа отыру сәтінде сөйлеген сөзінде.

Путин өмірдің барлық саласында өзгерістер керек деп, "жансыз бюрократияны түбегейлі жеңуіміз керек" деп атап өтті.

"Мұндай серпіліс қоғамның еркіндігін қамтамасыз етеді. Сол кезде ғана надандық пен жансыз бюрократияны құрта аламыз. Бұлар адамның талантын ашуына, дамуына кедергі келтіреді", – деді Путин.

Инаугурацияға бес мыңға жуық адам қатысқан. Оның ішінде заң шығарушы, сот билігі, діни конфессия өкілдері мен шетел дипломаттары және президенттің сайлау штабында жұмыс істеген еріктілер қатысқан.

Настоящее Время тікелей эфир жүргізді.

5 мамырда Владимир Путиннің 4-президенттік мерзімге сайлануына қарсы Ресейдің көптеген қалаларында "Ол бізге патша емес" деген ұранмен наразылық шарасы өтті. "ОВД-Инфо" дерегінше, наразылық кезінде 27 қалада мың жарымнан астам адам ұсталған. Кейін полиция олардың біразын босатқан. Ұсталғандардың арасында оппозициялық саясаткер Алексей Навальный да бар.

Путин 18 наурызда өткен президент сайлауында 76 пайыз дауыс жинап, президент болып сайланған.

XS
SM
MD
LG