Ссылки доступа

Сешнс: АҚШ миграцияны тоқтату үшін балаларды ата-аналардан ажыратады


Задержание нарушителей на границе США
Задержание нарушителей на границе США

АҚШ-тың Бас прокуратурасы мен ішкі қауіпсіздік министрлігі шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынғандардың барлығын сотпен қудалайды, қажет деп тапса, кішкентай балалаларды ата-аналарынан ажыратуға дейін барады.

Бұл туралы 7 мамырда АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнс Аризона және Калифорния штатының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде айтты.

"Шекара заңын бұзғандар және адам саудасымен айналысқандарды заңмен қудалаймыз. Егер кімде-кім Америкаға заңсыз бала әкелуге тырысса, оны ұстаймыз. Баласынан орталықтарға тапсырып, өзін заңға сай жазалаймыз. Егер бұл заң ұнамаса балаларыңызды шекарадан өткізуді доғарыңыздар" деді Сешнс.

Наурызда шекарадан өтпек болған 40 мың адам ұсталған. Заң бұзғандардың көбі - Орталық Америка елдерінің азаматтары.

XS
SM
MD
LG