Ссылки доступа

Түркіменстан үкіметі экономикалық жетістіктерімен мақтанды


Заседание правительства Туркменистана (из архива)
Заседание правительства Туркменистана (из архива)

Түркіменстан үкіметі жаңа экономикалық жетістіктерімен мақтанып жатыр. 4 мамырда жарияланған үкімет есебіне сәйкес, жыл басынан бері Ішкі жалпы өнім 6,2 пайыз болған.

Ресми мәліметтер бойынша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнім өндіру 4,2 пайызға өскен.

Сонымен бірге үкімет төрт айдың нәтижесі бойынша жеке саудадағы тауар айналымы 18,2 пайызға өскенін, ал тұтыну тауарлары мен тарифтер бекітілген межеде өзгеріссіз қалғанын хабарлады. "Бекітілген меже" аралығы қандай екені түсіндірілген жоқ.

Түркіменстан үкіметі экономикалық өсім туралы есеп беріп жатса, тәуелсіз дереккөздер елде нан мен ұн жетіспейтінін хабарлады, ал мемлекеттің азық-түлік дүкендерінде кезек азаймаған. Бұған қоса базарлар мен коммерциялық дүкендерде азық-түлік бағасы қымбаттағаны байқалады. Жарық, су және газға жеңілдік алып тасталынған уақытта, коммуналдық қызмет қымбаттап барады.

Бұған қоса Түркіменстан үкіметі қаржыландыру, айлық пен зейнетақыны, мемлекеттік жәрдемақы мен стипендияны уақытылы төлеп отырғаны туралы есеп берді. Бұл уақытта тәуелсіз дереккөздер жыл басынан бері мұнай және газ, денсаулық, білім мекемелерінің жалақыны бірнеше мәрте кешіктіргені туралы хабарлап отыр.

Түркіменстан билігі елде азық-түлік тапшылығын, мемлекеттік секторды қаржыландырудағы дағдарысты ресми түрде мойындамай отыр.

XS
SM
MD
LG