Ссылки доступа

Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры өз ұлына қарсы куәлік берген


Бывший генеральный прокурор Узбекистана Рашид Кадыров.

Өзбекстанның биыл ақпан айының соңында ұсталған бұрынғы бас прокуроры Рашид Кадыров өз ұлы Әлішер Кадыровқа қарсы куәлік бере бастады. Бұл туралы бас прокуратураның тергеуге жақындығы бар бір қызметкері хабарлады.

Өз есімінің аталуын қаламаған дереккөздің мәліметі бойынша, Рашид Кадыров ұлы Әлішерге қарсы сәуір айының ортасына таман куәлік бере бастаған. "Әзірге айыптау туралы айтуға ерте, өйткені қылмыстық іс өте үлкен. Тергеу әлі ұзақ жалғасады", - деді ол.

Құзырлы орган қызметкері Әлішер Кадыровты іздестіру әлі жалғасып жатқанын хабарлады, сол себепті әкесінің айтқандарын растау мүмкін болмай отыр. Бұл уақытта, ішкі істер министрлігіндегі дереккөз Рашид Кадыров денсаулығы нашарлағанына шағымдана бастағанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, тергеу абақтысында бұрынғы бас прокурорға "қатты қысым көрсетіліп жатыр".

22 ақпанда ұсталған Рашид Кадыровқа "бопсалау", "билікті асыра пайдалану", "пара алу" қылмыстары бойынша айыптар тағылған.

66 жастағы Рашид Кадыров Өзбекстанның Бас прокуратурасын 15 жыл бойы басқарған. Ол бұл қызметтен 2015 жылы сәуірде алынды. 2018 жылы 5 наурызда республиканың ішкі істер министрлігі оның ұлы Әлішер Кадыровқа іздеу жариялады. ​39 жастағы Әлішер Кадыров "бопсалау", "алаяқтық" қылмыстарын жасады деген күдікке іліккен.

XS
SM
MD
LG