Ссылки доступа

Душанбе билігі "Өшпес полк" шеруіне рұқсат бермеді


Душанбеде Ұлы Отан Соғысы құрбандарын еске алуға арналған "Өшпес полк" шеруі биыл болмайды. Тәжікстан астанасының билігі қауіпсіздік шараларына сүйеніп, мұндай шеру жасауға рұқсат бермеді.

Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында ардагерлер одағы қалалық әкімдікке "Өшпес полк" шеруін өткізу туралы өтініш түсірген. Дәл осы уақытта әлем елдерінде орыс мәдениетін насихаттаумен айналысатын "Россотрудничества" өкілдігі соғыс ардагерлерінің суреттері мен плакаттарды 9 мамырға тегін басып беретінін хабарлаған.

Есімі аталмағанын қалаған қалалық әкімшілік өкілі 8 мамырда Душанбеде Жеңіс күніне орай көптеген шаралар өтетінін, бірақ оның ішінде "Өшпес полк" шеруі жоқ екенін айтты.

Ардагерлер одағы да ресми рұқсат берілмегенін растады.

"Өшпес полк" акциясы - соғысқа қатысқан ардагерлердің суреттерін көтеріп шерулету - соңғы бірнеше жылда Ресейдің көптеген қалаларында, сонымен бірге бұрынғы КСРО мемлекеттері мен басқа да елдерде 9 мамырда ұйымдастырылды.

Душанбе билігі мұндай шеруді өткізуге өткен жылы да рұқсат берген жоқ. Соған қарамастан, әскери шеру аяқталған соң, жүздеген душанбелік "Өшпес полк" акциясына қатысқан.

XS
SM
MD
LG