Ссылки доступа

Бішкекте 26 заңсыз ойынхана анықталды


Милиция қызметкерлері Бішкек қаласы аумағында 26 заңсыз ойынхана анықтады.

Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес ойынхана Ленин ауданында, тағы бес ойын мекемесі Октябрь ауданында анықталған. Жеті астыртын ойынхана Свердлов ауданында, тоғыз ойын мекемесі Бірінші май ауданында табылды.

Сонымен бірге тағы бір заңсыз ойын нысаны Ош қаласында анықталды.

Материалдардың барлығы Қырғызстан үкіметі жанындағы экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметке тапсырылды.

Еске салайық, 2012 жылы 1 қаңтардан бастап "Ойын қызметіне тыйым салу туралы" заңға сәйкес Қырғызстан аумағында ойын кәсібіне тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG