Ссылки доступа

Ташкент 9 мамырға ерекше салют дайындап жатыр


Өзбекстанның қорғаныс министрлігі 9 мамырда болатын ерекше салюттің кейбір тұстарымен бөлісті.

"Бұл күні жалпы саны 42 мәрте отшашу атылады. Барлық техника мен құрал-жабдықтар дайын тұр. Салют сағат 21:00-де Өзбекстан ұлттық саябағындағы "Наурыз" алаңында атылады", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Салют Еске алу және Құрмет Күніндегі мерекелік шараларға арналған. Биыл Екінші дүниежүзілік соғыс шайқастары туралы көріністер қойылып, мерекелік дастархан жайылады.

Бұған қоса, көшелер мен алаңдар мереке қарсаңында плакаттар мен стендтермен көмкерілді. Бүкіл республика бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы әскери техникалар көрмелері ұйымдастырылады, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

XS
SM
MD
LG