Ссылки доступа

Тәжік-қытай шекарасында жүз шақты жүк көлігі тұрып қалды


Тәжікстан мен Қытай шекарасындағы "Тохтамиш" терминалында жүк көліктері көптеп жиналып қалды. Оларды Тәжікстанның ішкі аудандарына жібермей отыр.

Тәжікстан көлік министрлігінің мәлімдеуінше, 2 мамырдан бері шамамен 100 ірі жүк көлігі терминалда қалды, олардағы жүк шамадан тыс болған.

"Кейбір жүк көліктерінде 40 тоннаның орнына 50, тіпті 80 тоннаға дейін жүк басылған. Соның салдарынан жолдар тозады", - деді дереккөз. Министрлік жүк тасымалдаушы компанияларға бірнеше мәрте ескерту жасаған, бірақ олар оған құлақ аспай келеді.

Бұл уақытта, терминалда тұрып қалған жүк көліктерінің жүргізушілері азық-түлік пен ақшалары таусыла бастағанына шағымданды.

Қытай билігі жолдардың жағдайын қатаң бақылайды, олар ауыр жүк көліктерін жүргізбейді. "Сол себепті жүк тәжік шекарасына дейін үш көлікпен тасылып, бері қарай барлық жүкті бір көлікке тиеп әкелетін болған", - деді дереккөз.

XS
SM
MD
LG