Ссылки доступа

Азаттықтың түркімен редакциясының тілшісі тағы да шабуылға ұшырады


Азаттықтың түркімен редакциясы - Азатлык тілшісі Солтан Ачиловаға тағы да шабуыл жасалған.

68 жастағы Ачилова 9 мамыр күні таңертең қала сыртындағы Мәңгілік алау ескерткіш кешеніндегі гүл қою рәсімін суретке түсіруге шыққан.

Оның айтуынша, адамдармен бірге ескерткіш орналасқан көкке шығып бара жатқан тілшіні қара костюм киген бірнеше адам тоқтатып, мұнда не істеп жүргенін сұраған. Ол Жеңіс күні туралы репортаж дайындауға келгенін түсіндіре бастағанда, ер азаматтар әйелді ұстап, балағаттаған.

Ачилованың айтуынша, қара киім кигендер оған суреттердің көзін жоймаған жағдайда, есірткі үшін қамауға аламыз деп қорқытқан. Тілші бұл талапты орындаудан бас тартқан соң, бір топ адам оның камерасын күшпен тартып алып, суреттерді жойып жіберген. Журналистен Азатлык радиосында жұмыс істеуден бас тартуын талап етіп, тағы екі сағаттай ұстап тұрған. Одан соң босатқан.

Солтан Ачилова Түркіменстанда бұған дейін де бірнеше мәрте қысымға ұшырады. Өткен жылы маусым айында оған екі мәрте шабуыл жасалған.

"Бассыздыққа бейжай қарай алмаймын". Солтан Ачилованың сұхбаты (2017 жыл, мамыр).

XS
SM
MD
LG