Ссылки доступа

Әндіжан орталығындағы ескі үйлер сүріліп жатыр (видео)


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Әндіжан билігі қала орталығындағы ескі үйлерді сүріп жатыр. Тұрғындар үйлердің бұзылатынын 12 сағат бұрын ғана білген.

"Менің басқа үйім жоқ, қайда барам? Аш бала тоқ баламен ойнамайды. Үйлердің сүрілетінін кем дегенде 5-10 күн бұрын ескертуі керек еді ғой", - деп шағымданды тұрғындардың бірі.

Билік бірнеше үйді сүріп үлгерген, тұрғындары далада қалған. "Олар барлығын ломмен бұзып жатыр. Жалпы саны 93 адам далада қалды", - деді жергілікті тұрғын. Олардың арасында көп балалы аналар да бар.

Әкімшілік бұзылған үйлердің орнына қала шетінен екі бөлмелі үй салып беруге уәде еткен. Билік бұл үйлерді бес айдың ішінде тұрғызып тастамақ.

XS
SM
MD
LG