Ссылки доступа

АҚШ Ресейдің әскери құрылымдарына санкция салады


АҚШ Ресейдің бірқатар әскери құрылымдарына санкция салады. Олар жаппай қырып жоятын қаруды таратпау туралы АҚШ ұлттық заңнамаларын бұзды деп айыптады.

Құжаттарға сәйкес, санкция тізіміне 28 Ресей компаниясы мен ұйымы кірген. Олардың арасында Ресей Бас штабы Бас басқармасы (бұрынғы ГРУ) бар.

Ресей құрылымдарынан бөлек, санкцияларға Иран, Солтүстік Корея, Қытай, Египет, Түркия, Сирия және Біріккен Араб Әмірліктерінің ұйымдары ілікті. Атап айтқанда, шектеулер Сирияда соғысатын ливандық "Хезболла" ұйымына, Сирия Араб Республикасының әскери-әуе күштеріне және Иранның Революция ұланына салынады.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Мәскеуге қатысты жаңа санкцияларды "14 сәуірде Сирияға қарсы зымыран шабуылының жеңіліске ұшырауынан кек алу мақсатынан туған" деп бағалады.

Бұның алдында Вашингтон санкцияларына "Рособоронэкспорт" компаниясы іліккені мәлім болған.

XS
SM
MD
LG