Ссылки доступа

Израиль: Голан жоталары зымыранмен атқыланды


Израильская система ПРО на Голанских высотах в приграничном с Сирией районе. Иллюстративное фото.

Израиль Иран әскерін Сирия аумағынан Голан жоталарындағы Израиль армиясы шептерін зымыранмен атқылады деп айыптады. Израиль әскери-әуе күштері зымыранмен жауап берген.

10 мамыр күні таңертең Израиль қорғаныс күштері өз шептеріне атылған жиырма шақты зымыраннан айтарлықтай зардап шекпегенін, өзінің зымыраннан қорғаныс жүйесі "кейбіреуін" қағып түсіргенін мәлімдеді.

Израиль армиясының подполковнигі Джонатан Конрикус бұл зымырандарды "Иран Ислам революциясын қорғау корпусының сыртқы бөлімшесі - "Кудс" күштері атқанын айтты.

"Израиль армиясы Иранның Израильге жасаған бұл шабуылын ерекше назарда ұстайды" деді Конрикус.

Сирияның мемлекетік ақпарат агенттігі 10 мамыр күні таңертең Сириядағы басқа да аудандарға ондаған зымыран атылғанын хабарлады. Соның салдарынан радар құрылғысы қирап, оқ-дәрі қоймасы жойылған.

Израильдің осы жолғы шабуылы бұған дейінгі шабуылдарынан ауқымы жағынан әлдеқайда асып түседі.

9 мамыр күні Сирия Израильді Дамаскіден шығысқа қарай орналасқан Кисвех ауданындағы Иран әскерилерінің шептерін зымыранмен атқылады деп айыптаған.

Бақылаушылардың мәліметінше, 9 мамырда жасалған соққыдан 15 адам, оның ішінде сегіз ирандық сарбаз оққа ұшқан. Иран Израиль армиясы жасаған шабуылға жауап қайтаруға уәде берді.

XS
SM
MD
LG