Ссылки доступа

Алматы мен Астанада наразылыққа шыққандарды полиция ұстады


Задержания участников акции протеста в поддержку политических заключенных. Алматы, 10 мая 2018 года.
Задержания участников акции протеста в поддержку политических заключенных. Алматы, 10 мая 2018 года.

10 мамырда Астана және Алматы қалаларында саяси қудалауды доғаруды талап етіп, наразылық акциясына шыққандарды полиция ұстады.

Астана қаласындағы Космонавтов көшесіне, еуропалық мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері маңына жиналған жұрт: "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Бостандық!", "Масқара!" деп ұрандатты.

Алматы қаласында таңертең ондаған адам опера және балет театры маңына жиналды. Олар саяси қуғынға ұшырағандардың суреттерін ұстап шығып, қудалауды доғаруын биліктен талап етті.

Участники акции протеста в поддержку политических заключенных. Алматы, 10 мая 2018 года.
Участники акции протеста в поддержку политических заключенных. Алматы, 10 мая 2018 года.

Екі қаладағы наразылық акцияларында да полиция белсенділерді ұстады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматыда шамамен 80 адам ұсталған. Олардың арасында көшеде өтіп бара жатқан кездейсоқ адамдар да болды.

Полиция белсенділерді ұстау оқиғасына қатысты пікір білдірмеді.

Тікелей трансляция:

​Акция қарсаңында адам құқығын қорғаушылар ондаған азаматтық белсендіні полиция бөлімшесіне шақыртқанын хабарлаған еді. Наразылық акциясын "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы ұйымдастырды. Елде тыйым салынған бұл ұйымды шетелде тұратын банкир Мұхтар Әблязов құрған. Биыл наурыз айында Астанадағы сот ҚДТ қозғалысын экстремистік ұйым деп атады.

Акцияға қатысушылардың айтуынша, наразылық Еуропалық парламенттің ресми миссиясының Қазақстанға келуі қарсаңында өткізіліп отыр. Миссия Қазақстанда адам құқықтары мен азаматтар еркіндігінің сақталуын тексереді.

25 сәуірде Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының (ПАСЕ) 29 депутаты Қазақстанды сөз бостандығы және бейбіт жиын еркіндігі салаларындағы халықаралық міндеттерін орындауға, сонымен бірге әлеуметтік медианы шектеуін доғаруға шақырды.

XS
SM
MD
LG