Ссылки доступа

Тәжікстанда ұялы телефондардың IMEI-кодтарын тіркеуге алады


Тәжікстанда мобильді телефондар мен басқа да байланыс құралдарының IMEI кодтарын Бірыңғай мемлекеттік тізімге тіркеуді қарастыратын жоба дайындалып жатыр.

IMEI немесе International Mobile Equipment Identity — мобильді құрылғының халықаралық идентификаторы — әрбір телефонның немесе смартфонның ерекше нөмірі. Код арқылы құрылғының сериялық нөмірін, оның моделі мен шығарылған жерін білуге болады.

Тәжікстан үкіметінің "Байланыс құралдарын тіркеу туралы" жобасын Байланыс қызметі дайындаған, қазір бұл құжат мемлекеттің ішкі процедураларынан өтіп жатыр.

Тәжікстан президенті жанындағы ақпараттық-коммуникация технологиясы жөніндегі кеңесінің мүшесі Нодир Мирзоевтың айтуынша, IMEI кодтарын бірыңғай мемлекеттік тізімге тіркеу басқа елдерде де жүргізіледі. "Мұнда тұрған ештеңе жоқ. Бұл да автокөліктер нөмірлерін тіркеуге алу секілді жүргізіледі", - деп түсіндірді ол.

Үкіметтегі дереккөздің пікірінше, мұндай қадамдар мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдануы мүмкін. Ватсапп, Вайбер, Телеграмм секілді мессенджерлер шифр қолданатындықтан, сим-карта көмегі арқылы қолданушының кім екенін анықтау қиынға түседі, сол себепті билік мобильді телефондардың қожайындарын анықтап алғысы келеді.

XS
SM
MD
LG