Ссылки доступа

Үндістанға заңсыз алтын тасыған 28 түркімен ұсталды


Аэропорт в Нью Дели (иллюстрация)

Нью-Дели қаласындағы Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайда Үндістанның кеден департаментіндегі барлау қызметі Түркіменстанның 28 азаматын ұстады. Олар 19 келі алтынды контрабандалық жолмен өткізбек болған. Бұл туралы үндістандық ақпарат құралдары хабарлады.

"The Indian Express" басылымының хабарлауынша, оқиға 6 мамырда болған. Түркіменстан азаматтарынан алынған алтынның жалпы құны - 60 млн үнді рупий.

"Кеден қызметінің комиссары Амандип Сингх азаматтардың ұсталғанын растады. Біздің дереккөздің мәліметі бойынша, әуежайдың барлау қызметіне "Түрік әуе байланысы" ұшағымен Делиге 23 адамнан тұратын банда бара жатыр деген ақпарат түскен", деп жазды басылым.

Ұшақ әуежайға қонған бетте арнайы қызмет жолаушыларды тексеріп, 23 түркіменстандықты ұстаған. Олардың барлығы үстеріне алтын әшекейлерді көптеп тағып алған.

"Олар бұған дейін де Делиге келгені анықталды. Соңғы мәрте шамамен жеті келі алтынды контрабандалық жолмен өткізіп, олардың барлығын бір кәсіпкерге сатқан", - деп жазды басылым. 23 азаматтан жауап алу барысында басқа бір ұшақпен тағы бес азамат алтын әкеле жатқаны анықталған. Полиция оларды да қолға түсірген.

Тергеу жалғасып жатыр. Түркіменстан азаматтарының әрі қарайғы тағдыры туралы әзірге ешқандай хабар жоқ.

XS
SM
MD
LG