Ссылки доступа

Тәжік-қытай шекарасында тұрып қалған жүк көліктеріне жол ашылды


Тәжікстанның көлік министрлігі Қытаймен арадағы шекарада тұрып қалған 100-ге жуық жүк көлігінің өтуіне рұқсат берді. Шамадан тыс жүк артылған көліктер 2 мамырдан бері "Тохтамыш" терминалында тұрған.

"Кейбір жүк көліктері 40 тоннаның орнына 50-ден 80 тоннаға дейін жүк тасиды", - деді көлік министрлігі.

Тәжікстан үкіметі жүк тасымалдаумен айналысатын компанияларға артық жүк артпау керектігін талай мәрте ескерткен, бірақ олар бұған құлақ аспай келген.

"Тохтамышта" тұрып қалғандарға терминалдан өтуге 9 мамырда рұқсат берген. "Бізге артық жүк үшін айыппұл төлеу керек деп айтты. Бірақ біз қауіпсіз аймаққа көшуіміз керек. Жолда тоқтатар-тоқтатпасы белгісіз. Әзірге сол жүгімізбен келе жатырмыз", - деді жүргізушілердің бірі.

Бұның алдында терминалда тұрып қалған жүк көліктерінің жүргізушілері азық-түлік пен ақшалары таусыла бастағанына шағымданған.

XS
SM
MD
LG