Ссылки доступа

Тәжікстанға АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы келді


Эмомали Рахмон и Джозеф Л.Вотел. Архивное фото
Эмомали Рахмон и Джозеф Л.Вотел. Архивное фото

АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Джозеф Л. Вотел бейсенбі күні кешкісін Душанбеге келді. Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, америкалық генералдың сапары 12 мамырға дейін созылады.

Америкалық қолбасшы Тәжікстанның жоғарғы басшылығымен кездесулер өткізеді. 11 мамырда генерал Джозеф Вотел журналистермен де кездеседі, деп хабарлады АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен жылдың сәуір айында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон генерал Джозеф Л. Вотелді өз резиденциясында қабылдаған. Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде Тәжікстан мен АҚШ-тың әскер саласындағы әріптестігінің болашағы турасындағы мәселелер талқыланған.

Эмомали Рахмон мен генерал Вотел Тәжікстан шекара күштерінің Ауғанстанмен мемлекеттік шекарасында күшейте түсу төңірегінде ұсыныстарын айтқан.

АҚШ Тәжікстанның оңтүстік шекара шебінің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына көмектесіп, әскери техника, көлік және байланыс құралдарын берген.

XS
SM
MD
LG