Ссылки доступа

Өзбекстанға "діндарлар" тізімінде іздеуде болған тағы бір босқын елге қайтып оралады


Мамура Рахматова.

Өзбекстанның Әндіжан облысында туған Мамура Рахматова 2005 жылдан бері Қырғызстан мен Ресей паналаған, үш жылдан бері Түркияда тұрып келеді. Мамура күйеуі, қызы мен баласы, келіні және екі немересімен Өзбекстанға қайтуды көздеп отыр.

Рахматованың елге қайту туралы шешіміне президент Шавкат Мирзияев жүргізіп отырған саясат түрткі болыпты. Ол діни мазмұндағы айыптар, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қылмысы бойынша халықаралық іздеуде болған.

2000-жылдары Мамура бірнеше тұрғынмен бірге "ваххабизм" айыбымен ұсталған. Екі ай абақтыда отырып шыққан. Одан кейін де үнемі бақылауда болған, сол себепті көрші Қырғызстанға қашып барған.

Әйел мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, біраз уақыт көрші елде тұруға мәжбүр болған. 2005 жылы Рахматова отбасы мүшелерінің сұрауымен Өзбекстанға қайтқан. Сол кезде оны шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ұстап, тергеу абақтысына жапқан. 2005 жылы 13 мамырда Әндіжан оқиғасы кезінде милиция қызметкерлері Рахматова мен тағы бірнеше кісіні абақтыдан босатқан.

Бұл жолы Мамура екі баласын алып әуелі Қырғызстанға, сол жерден Ресейге кеткен. Өзбекстанда бірінші күйеуімен ажырасқан ол Мәскеуде тағы да күйеуге шығады. Оның екінші күйеуі де Өзбекстан азаматы. Үш жылдан бері олар Түркияның шалғайдағы ауылдарының бірінде тұрып жатыр. Әйелдің жеке басын айғақтайтын ешқандай құжаты жоқ.

Әндіжанның Асака ауданының ішкі істер бөлімшесі Мамура Рахматова іздеуде екенін, елге келген соң тергелетінін хабарлады. "Ол кінәсіз болса, бостандыққа шығады", - деді бөлімше офицері.

XS
SM
MD
LG