Ссылки доступа

2004 жылдан бері алғаш рет Ресей Eurovision финалына өтпей қалды


Eurovision ән байқауына Ресей атынан қатысқан әнші Юлия Самойлова финалға өте алмады. 2004 жылдан бері алғаш рет Ресей қорытынды концертке қатыспайды.

10 мамырда Португалияның Лиссабон қаласында байқаудың екінші жартылай финалы өтті. Бұл күні Самойлова I Won’t Break әнін орындап шықты.


Әнші бұл байқауға 2017 жылы қатысуы керек болған. Бірақ өткен жылы Eurovision Украинада өткендіктен, жергілікті билік оның елге кіруіне рұқсат бермеді - Самойлова аннексияланған Қырымға Украина арқылы емес, Ресей арқылы өтіп, Украина заңдарын бұзған.

Осы жағдайдан соң байқауды ұйымдастырушы - Еуропалық таратылым одағы (EBU) байқау ережесін өзгертіп, концерт өтетін елге кіре алмайтын әншілерді қатыстырмау туралы өзгеріс қабылдаған.

Ресей Самойлованы байқауға 2018 жылы жіберуге уәде берген. Eurovision финалы 12 мамырда өтеді. Букмекерлер бұл жолы Кипрден келген әнші Элен Фурейра "Fuego" әнімен жеңіске жетеді деп болжайды.

XS
SM
MD
LG