Жиналыста "Қырғыз Республикасы: Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы екі жыл. Алғашқы нәтижелер" баяндамасын таныстырады.
Сонымен бірге ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, әріптестіктің барлық мәселелерін талқылайды.
Еуразиялық экономикалық жоғарғы кеңеске Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары кіреді. Кеңес жылына кем дегенде бір мәрте өткізіледі. Ұйымға мүше мемлекеттердің барлығы шешім қабылдауға міндетті.
Еуразиялық экономикалық одаққа бес мемлекет: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мүше. Қырғызстан бұл ұйымға 2015 жылдың 12 тамызында қабылданды.