Ссылки доступа

Өзбекстанда тағы бір оқушы қыз асылып өлді


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Самарқан облысының құқыққорғау органдары "Кулбапоен" ауылының 16 жастағы тұрғынының күмәнді өлімін зерттеп жатыр. 17 сәуірде Самарқан ауданының №45 мектебінің тоғызыншы сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы қорада асылып өлген.

Марқұмның бір көршісінің айтуынша, жасөспірім қыз ұзақ уақыттан бері мектеп мұғалімімен жанжалдасып келген. "Мұғалім оны әбден мазақ қылатын. Соған шыдамаған қыз асылып өлген деседі. Жастай кеткені өкінішті", – деді ол.

№45 орта мектебінің басшылығы оқушы өліміне қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Ауыл белсендісі Карим Саттаров оқушының мұғалім қысымынан өз-өзіне қол салған дегенді жоққа шығарып отыр.

"Қыз оқыған мектепке өзім бардым. Оның мұғалімі шын мәнінде қатал әрі талапшыл екен. Бірақ ол барлық балаларға сондай талап қоятын. Ол сабақтан қалған балалардың үйлеріне баратын. Оқушылардан "мұғалім ұрды ма?" деп сұрағанымда, олар үндемеді. Асылып өлген қыз нашар оқитын деп айтты. Ол көп сөйлемейтін. Өзіне қол салуға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеуді прокуратура жүргізіп жатыр", - деді ауыл белсендісі.

Марқұмның отбасы мүшелері журналистермен сөйлесуден бас тартты.

Соңғы жылдары Өзбекстанда жасөспірімдер мен жастар арасында суицид көп болып жатыр. Ташкент қаласының Яшнабад ауданындағы №69 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы Н.О. биыл 3 мамырда өз үйінде асылып өлген.

XS
SM
MD
LG