Ссылки доступа

Өзбекстан тұрғыны жалғыз қызының бұрынғы жігітін пышақтады


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Өзбекстанның Ферғана облысы Фуркат ауданының тұрғыны жалғыз қызының бұрынғы жігітін пышақтады. Бұның алдында жаңадан отау құрған қызды пәктігі болмағаны үшін күйеу жігіт үйінен қуып шыққан.

8 мамырда Бекабад ауылының 52 жастағы тұрғыны жалғыз қызын сол ауылдың бір жігітіне ұзатқан. Бірақ екі күннен соң күйеу жігіт қалыңдықты пәктігі болмағаны үшін үйінен қуып жіберген.

"Үйлену тойына дейін қыз бір жігітпен ұзақ уақыт кездесіп жүрген. Тойдан соң оның қыз емес екендігі туыстарға белгілі болды. Біз оның бұған дейін қай жігітпен кездескенін біліп, әкесіне айттық. Бізде мұндай қызды қалыңдыққа алмайды. Тойға көп шығын кетсе де, күйеу баланың туыстары оны ата-анасына қайтарып берді", - деді ауыл тұрғыны.

Бекабадтықтардың айтуынша, жалғыз қызы үйіне қайтып келген соң, әкесі пышақ алып қызының бұрынғы жігітінің үйіне барған. Ол жігіттен қызына үйленуін талап еткен, әйтпесе өлтірем деп қорқытқан. "Жігіт бұрын жүрген қызының әкесіне тойтарыс бере алды. Бірақ шынтағы мен иығына пышақ тиді. Ол көп қан жоғалтқан. Оны жедел жәрдеммен аурухана апарды. Ал қыздың әкесі милиция бөліміне түсті", - деді оқиға куәгері.

Жаралы жігіт біраз уақыт бұрын ол қызбен кездескенін растады. Бірақ ол өзінің де, қыздың да кінәсі жоқ деп отыр.

"Мен бұл қызбен төрт жыл бұрын таныстым, кездестім. Бірақ ол кезде қызды маған бермеді. Қазір мен басқа қызға үйленгенмін, балам бар. Бірақ бұрынғы қыздың әкесі үйге келіп, оған үйленуімді талап етті. Өлтірем деп қорқытты. Ол менің иығым мен шынтағымды пышақтады. Бірақ менің кінәм жоқ", - деді жігіт.

Фуркат ауданы құқыққорғау органдары екі жақтың келісімінен соң қылмыстық іс қозғалмады. Қазір махалла белсенділері жас жұбайларды қайта татуластырып, қызды күйеу жігіттің үйіне қайтаруға талпынып жатыр.

XS
SM
MD
LG