Ссылки доступа

Қырғызстанда шенеуніктерге жекеменшік компаниялар есебімен шетелге шығуға тыйым салуды ұсынды


Жогорку Кенеш депутаты Ұлан Примов министрлер мен депутаттарға шетелге жекеменшік компаниялар есебінен шығуға тыйым салуды ұсынды. Парламент сол арқылы шетел несиесін алу кезінде мемлекет мүддесін қорғағысы келеді.

"Тәуелсіздік алғалы бері Қытай Қырғызстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Сыртқы инвестицияның дені Қытайдан келді. Мемлекеттер арасында достық қарым-қатынас сақталады деп үміттенеміз. Бірақ әрбір мемлекет өзінің ішкі және сыртқы қарыздарына бақылау орнатуы тиіс.

Бұдан бөлек, депутаттарға, министрлерге, мемлекеттік қызметкерлерге жекеменшік компаниялар есебімен шетелге шығуға тыйым салынсын", - деді ол 17 мамырда ЖЭЦ жөніндегі депутаттық комиссия қорытындысы талқыланған жиналыста.

Бішкек ЖЭЦ-ін жетілдіру үшін алынған 386 млн доллар несиенің жұмсалуын зерттеген комиссия Қытаймен келісімге отырар қарсаңында депутаттардың екі түрлі тобы TBEA компаниясының қызметімен танысу үшін сол елге барып қайтқан. Бұған қоса, Қытаймен келісімнің шарттарын талқылау мақсатында үкімет өкілдері де Қытайда болып келген.

XS
SM
MD
LG