Ссылки доступа

Өзбекстан Ауғанстанның мұнай-газ саласына мамандар дайындайды


Ташкент пен Кабул Ауғанстанның мұнай және газ саласына қажетті мамандарды Өзбекстанның дайындауын қарастыратын меморандум қабылдайды.

"Өзбекстан бізге мұнай және газ саласына мамандар дайындауға көмектеседі деп жоспарланған. Қазір біз осыған қатысты меморандум дайындап жатырмыз", - деді Ауғанстанның мұнай және шахталар министрі қызметін атқарушы Наргис Нихан.

Оның айтуынша, жақын күндері Ауғанстанға өзбек мамандары барып, жұмыстың нақты механизмін, қанша ауған азаматы оқитынын анықтайды.

Республиканың Сұрхандария облысында өткен жылы ауған азаматтарын оқыту орталығы құрылған. Ауғанстанның 110 студентін орталық биыл қаңтар айының аяғында қабылдап алды.

Орталық жоғары, орта арнайы кәсіби білім бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды. Сонымен бірге гумантарлық, педагогикалық және инженерлік-техникалық бағыттар бойынша маман біліктілігін арттырады.

XS
SM
MD
LG